30.03.2026

Үздіктердің үздігі!

Үздіктердің үздігі! Үздіктердің үздігі!

Екібастұз қаласындағы Балаларды қолдау орталығында әр тоқсанның қорытындысы бойынша өз еңбегімен, талпынысымен және жетістіктерімен көзге түсіп ерекшеленіп жүрген тәрбиеленушілерді марапаттау дәстүрі қалыптасқан. 3-тоқсанның аяқталуы да бұл дәстүрден тыс қалған жоқ!

2026 жылғы 30 наурыз күні Орталықта салтанатты әрі мерекелік жағдайда «Үздіктердің үздігі» жобасы аясында тәрбиеленушілерді марапаттаудың дәстүрлі рәсімі өтті.

Бұл — тек жақсы оқып қана қоймай, белсенді өмірлік ұстаным танытып, дамуға ұмтылып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген балаларды атап өтетін ерекше шара.

Жеңімпаздарды анықтау — әрқашан үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Қорытынды педагогикалық ұжым мен орталықтың парламенті мүшелерінің бірлескен шешімімен шығарылды. Әрбір үміткер жан-жақты талқыланып, көптеген критерийлер бойынша бағаланды: сыртқы келбеті мен өзін-өзі ұстау мәдениетінен бастап, кітап оқуға қызығушылығы, дене шынықтырумен айналысуы және қосымша білім беруге қатысуына дейін талқыға салынды.

Алайда ең басты критерий — тәрбиелілік деңгейі. Өйткені ол балаларымыздың ішкі дүниесі мен құндылықтарын көрсетеді.

Бұл жолы марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға 24 тәрбиеленуші ие болды. Оның ішінде 16 озат оқушы — оқуында табандылық танытқан балалар.

Сондай-ақ 9 белсенді — түрлі байқауларға, спорттық жарыстарға қатысып, Орталық өміріне белсене араласатын тәрбиеленушілер.

Өткен екінші  тоқсанмен салыстырғанда жеңімпаздар саны артты!

Біз әрбір тәрбиеленушімізбен мақтанамыз! Бұл жетістік алдағы үлкен жеңістерге бастар тағы бір қадам болсын!