20.05.2019

Медбикелер күнімен құттықтаймыз!

"Медбике" деген қарапайым сөздің терең мәні бар, ол денсаулық сақшысы, әрдайым көмек қолын созатын мейірімді жан. Ол дәрігер ретінде ауруды емдесе, әпкең секілді жаныңды емдейді! Олардың рөлі адамдарды емдеу және тыңдай білу...
12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Тәрбиеленушілердің денсаулығын күні түні күзететін біздің құрметті де мейірімді медбикелерді шын жүректен құттықтаймыз! Осы мекемеде 20 жылдай жұмыс істеп жатқан Закалкина Валентина Семеновна, 15 жыл жұмыс істейтін Габьева Елена Дмитриевна – өз ісінің шеберлері! Гаврилина Светлана Владимировна, Даниярова Марияш Каиргельдиновна аз уақыт жұмыс істеп жатса да біздің балалардың сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болып үлгерді.
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында күн сайынғы таңертең медбикелердің балалармен қездесуінен басталады. Дәрілерін үлестіру, температурасын, қысымын өлшеу, алғашқы таңертеңгілік процедуралар өткізу, поликлиникаға ертіп апару, топтың санитарлық жағдайын тексеру, ережені сақтауын бақылау және басқа да көптеген жұмыстарды атқарады. Осылайша олар күні бойы тыным таппайды, дәрігер Кадиша Кабылтаевнаның барлық ұйғармыдарын нақтылы орындаумен қатар әр бір балаға көңіл аударып, әңгімелесіп, қолдау көрсетіп, көңіл –күйлерін көтеруге тырысады. Біздің медбикелер – өз ісінің кәсіби шеберлері!
Сіздердің еңбектеріңіз үшін, балаларға деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін, олардың денсаулығын нығайтумен қатар бақытты және дені сау болуына қосқан үлестеріңіз үшін мың алғыс! Сіздерге , құрметті әріптестер зор денсаулық, жақсы көңіл –күй, отбасылық бақыт тілейміз! Біз сіздерді жақсы көреміз! Медбикелер күні құтты болсын!