Қайырымды іс айлығы шеңберінде "Атамұра" ҰМО -ның "Шапағат нұры" шығармашылық тобы,басшысы Нурсулу Толеубаевнамен бірге келіп,балаларға арнап,қайырымдылық концерт берді.Құрметті қонақтар қатарында қалалық маслихат депутаты Касыманова Лейла Толеуовна Макраев Нияз Кудайбергенович болды.. Театрланған қойылым, вокалистердің әні және сиқырлы сандықтан шыққан бала қоржын барлығы да балаларға қуаныш сыйлады.
Ал ересектер өз кезегінде балаларға жылы сөздерін арнады, үнемі позитивті болып,сабақтарын жақсы оқып, өз үйін,туған қаласын жақсы көру керектігі туралы ақыл айтты.Біз достарымызға өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды назардан тыс қалдырмағаны үшін алғыс білдіреміз!