10.06.2020

Мен ең үздік нұсқамын

2020ж 10.06. күні  Орталықта  жылдың қорытынды  шығармашылық  "Лучшая версия себя"  бағдарламасы өткізілді. Жобаға қатысуға бес тәрбиеленуші өтініш берді.  Мақсат  - өзіңнің үздік екендігіңді көрсету! Жетістік  —  бұл сенің не істегенің емес, өзіңді қалай көрсете білетіндігің. Сенде қанша грамота , медаль бар екендігі маңызды емес. Маңыздысы –сен қандай адамсың. Жетістікке жеткен адамдардың көбісі – ерекше бір іс тындырып жүретін  қарапайым адамдар.  Жетістіктің құпиясы осында.Балалар   презентация дайындады, өздерінің баяндауларында басқа балаларды  жетістікке ұмтылуға ынталандыруға талпынды.  Қатаң әділ қазылар мүшелері басшы  Н. А. Абдрахманова және басшының орынбасары   И. А Чернованың айтуы бойынша оларға балалардың қойылымы олардың жауапкершілікпен дайындалуы  ұнады.   2020ж. 11.06. күні оқу жылы бойы оқуда жақсы нәтиже көрсеткен, Орталықтың өміріне, өз тобында іс –шараға  белсене араласқан, әр түрлі сайыс, жарыстарға қатысып , нәтиже көрсеткен балаларды марапаттау салтанаты болып өтті.  Барлық балалар бағалы сыйлықтар мен  қаржылай  сыйақыға ие болды. Балалар сендерді құттықтаймыз, әлі де жетістіктеріңді еселеңдер! Естеріңде болсын, мәреге жету  үшін, сол мәреден көрінуің керек. Қанша жүгіре алсаң сонша жүгір, денелей жаттығу жасаудан жалықпаңдар . Жетістікке жету жолында әрекетсіз қалып қоймаңдар! Есіңде болсын: өзіңді көрсетудің ең жақсы нұсқасы өзіңсің!