16.09.2023

Сіз бен бізге керегі – бейбітшілік,отбасы,махаббат пен достық!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, балаларды қолдау орталығының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арсютин Николай Геннадьевичпен кездесу «із бен бізге керегі – бейбітшілік,отбасы,махаббат пен достық!» - деген  сөздермен басталды.

Николай Геннадьевичтің тығыз жұмыс кестесіне байланысты кездесулер сирек бола бастады, сондықтан бұл кездесу ерекше  жылы және қуанышты болды. Үгіт-насихат бригадасының форматында  балалар атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, түлектер  жастар үйінде тұрып жатқандары туралы айтып, өздерінің оқу орындары туралы айтып берді.

Соңында балаларға жақсы оқуды тілеп қоштасар кезде оларды тосын сый күтіп тұрды. Николай Геннадьевич оқуда және қоғамдық өмірде ерекше көзге түскен тәрбиеленушілерді Парламентке экскурсияға шақырды. Николай Арсютин айтқандай, экскурсия балалар үшін құнды болады, өйткені олар Парламентті және оның атмосферасын өз көздерімен көреді, олар заң шығару процесі туралы алғашқы түсінікке ие болады, осы салада оқуға және дамуға  деген ұмтылыстарын нығайтады.

Кездесу соңында балалар Парламентте жақсы жұмыс істеңіз деген тілектермен өз сыйлықтарын табыс етті, және барлығы дерлік Николай Генадьевичтен жеке фотосуретін сұрады. Кездесу Отбасы күні шеңберінде өткізілді.