06.01.2025

Моральдық қамқорлық – мейірімді жоба

2025ж.06.01. күні Рождество мерекесі қарсаңында "Моральдық қамқоршылық" жобасы аясында сыйлықтар табыстаудың жақсы дәстүрін жалғастыру үшін үміттік  тату отбасы өздерінің жайлы залына қайта жиналды. Бұл жоба 17 жылдан бері жұмыс істейді және осы уақыт ішінде ол отбасы өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Жыл өткен  сайын "Моральдық қамқоршылық" күшейе түсуде, балалар мен ересектер арасындағы байланысты нығайтып, оларға жылулық, қамқорлық және өзіне деген сенім беруде. Бұл жоба ересектер мен балалар арасындағы достық  ғана емес, бұл әр баланы мейірім мен   қамқорлыққа  бөлеген  нағыз отбасы үлгісін көрсететін жоба. Балалардың әрқайсысына ересек тәлімгер бекітілген, ол тек үлгі ғана емес, сонымен бірге кез-келген уақытта қолдау көрсетуге дайын адал дос болады. Біздің балалар өсіп, ересек өмірге араласады, бірақ мұнда өткізген уақыт туралы естеліктер, тәлімгерлердің қамқорлығы олардың естерінде  мәңгі қалады.

Түлектер осы сәттерді жылы еске алып тұрады, жетістіктерімен бөліседі және осы шынайы кездесулер мен сыйлықтардың олар үшін қаншалықты маңызды болғандығы туралы айтып отырады. Сыйлық беру рәсімі кезінде өткен сұхбат барысында барлығы дерлік-балалар мен ересектер бір-біріне  жылы сөздер арнады, бір-бірімен қарым-қатынастың қызықты сәттерін еске алды , бұл өте тәтті және әсерлі сәт болды.  

"Моральдық қамқоршылық" жобасы бұл жай ғана сыйлықтар емес-бұл көптеген жылдар бойы балалардың жүрегінде қалатын адамдарға деген сүйіспеншілік, қолдау және сенімнің нышандары. Бүгін біз осы әдемі дәстүрді   әр бала өзінің маңызды екенін, оның әрқашан қасында болатын, қолдауға және қуантуға дайын ересек досы  екендігіне  көзі жеткізу мақсатында жалғастырдық .