06.09.2023

Біз - қауіпсіздікті қолдаймыз!

2023ж. 06.09.Балалардың тыныс-тіршілігі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Екібастұз қаласы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Мадияр Амангелдіұлы Нұржанов Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына келді.

Іс-шара барысында прокурор М.А. Нұржанов ережені, қоғамдық нормаларды, сондай-ақ ересектер ұжымы тарапынан балалардың қауіпсіздігі мен тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша тәрбиеленушілермен дәріс-әңгіме өткізді. Мекемеге келген кезде  Мадияр Амангелдіұлы балалардың құқықтары мен міндеттерін қолжетімді түрде түсіндіріп, оларға оқуда табыс, қойылған мақсаттарға, шығармашылық жоспарларға қол жеткізуді тіледі. Өз кезегінде орталық тәрбиеленушілері үгіт-насихат бригадасы форматында Мадияр Амангелдіұлына үйде, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі қорғау, ең алдымен денсаулығын сақтау үшін өзін-өзі ұстау ережелері туралы айтып берді.

Тәрбиеленушілер  әңгімелесуді қызығушылықпен қолдап, балаларды қолдау орталығындағы өмір, жазғы демалыс, болашаққа жоспарлар туралы айтып берді. Мадияр Амангелдіұлына  өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, ол  ықыласпен  жауап берді.Сондай-ақ балалар көптеген пайдалы ақпаратты баяндап ,мазмұнды әңгіме өткізгені  үшін алғыстарын білдірді.