24.12.2025

Президент атындағы жаңа жылдық шырша

Президент атындағы жаңа жылдық шырша Президент атындағы жаңа жылдық шырша

24 желтоқсанда Павлодар қаласында жаңа жылдық Президенттік шырша өтті. Біздің балаларды қолдау орталығынан мерекеге қатысуға төрт тәрбиеленуші шақырылды.

Олардың қатарында "Жұлдыз бұлғым келеді" республикалық вокалистер байқауының жеңімпазы Доминика Савина, шахматтан кіші Олимпиада ойындарының жүлдегері Артур Алимбаев, музыка мектебінің оқушысы Камила Әлімбаева , сондай-ақ өнер мектебінің оқушысы Мұрат Едіге бар.

Балаларды іріктеу Орталық парламентінің отырысында талқыланып Орталықтың Қамқоршылық кеңесі бекітті. Сондықтан бұл мерекеге қатысу балалар үшін ерекше маңызды және оларға көрсетілген құрмет болды.
Мерекелік көңіл-күй кештен басталды: кешкі қалада серуендеу, Ертіс кинотеатрына бару, орталық алаңдағы басты шыршамен танысу. Балалар жайлы қонақ үйде тұрды — ыңғайлы жағдайлар, ересектер оларды әр қадам сайын назарда ұстап қамқорлық көрсетті.

Шыршаның өзінде балаларды ертегі атмосферасы, сыйлықтар, аниматорлармен кездесу және жарқын әсерлер күтіп тұрды. Әр бала номиналы 150 000 теңге болатын атаулы сертификат алды, ал Мұрат Едігенің айтуынша Мемлекет басшысының атынан қол қойылған ашық хат ең құнды сыйлық болды. "Мен Павлодарға шыршаға келгенге дейін менің арманым орындалатынына сенбедім" –деді ол. Бұл күн балалардың жадында ұзақ сақталады. Барлығын келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз-балалардың армандары орындалсын, ғажайыптар жалғассын!