28.02.2025

«Самруық-Қазына» АҚ –ның «Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ –не келуі туралы баспасөз –релизі

Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының музыка залында "Самұрық –Қазына" АҚ - ның Орталық тәрбиеленушілері, 8-9 сынып оқушыларымен, сондай-ақ Павлодар облысының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің басшыларымен жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан түлектерді әлеуметтендіруге арналған "Самұрық-Үміт" жобасын енгізу бойынша кездесуі өтеді.

Іс-шараның өту уақыты 2025 ж.28.02. сағат 10.00

Кездесу бағдарламасында-тәрбиеленушілердің тұрып жатқан  жағдайымен танысу экскурсиясы, балалардың қонақтарды қарсы алуы және жобаны іске асыру мәселесін талқылау қарастырылған.

Модератор - Павлодар облысы білім басқармасының басшысы С. О. Айтқазина.

Сөз алатындар:

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Қайыртасқызы Маликова қонақтарды құттықтайды.

Корпоративтік басқару, әлеуметтік еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ауғанов Гибрат Қайратұлы.

Талқылауға «Екібастұз қаласы «Үміт»арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ басшысы Нағима Атайқызы Абдрахманова , «Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ басшысы Айжан Дәуленқызы Шамғалиева қатысады.

 "Самұрық-Үміт" жобасын енгізу –түлектердің сәтті әлеуметтенуі, кәсіби өзін-өзі анықтауы және түлектің қалыптасуына тамаша мүмкіндік береді.