17.09.2023

Әкеммен бірге бір күн жұмыста

Қыркүйек айының соңында "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ-нің алты тәрбиеленушісін Орталықтың қамқоршылық кеңесінің төрағасы , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арсютин Николай Геннадьевич Парламентке экскурсияға шақырды. Шақырылған балалар, оқуда және отбасының қоғамдық өмірінде ерекшеленген тәрбиеленушілер қатарынан болды. Экскурсияға абаратын әр бала  сол  сапардың күні мен сағатын асыға күтті және не көріп не естуге болатыны туралы өзіндік болжамдары болды.

Бірақ Николай Генадьевичпен кездескенде және одан әрі ғимараттың көрікті жерлерімен, негізгі залдарымен, жұмыс бөлмелерімен, ерекше интерьерлерімен, бөлмелердің техникалық жабдықталуымен танысқандағы  көңіл толқынысын  сөзбен жеткізу қиын. ҚР Парламенті Мәжілісінің бас мәжіліс залында балалар депутаттардың жұмыс орындарына отыруға мүмкіндік алды.Экскурсияға қатысушылар  парламенттік кітапхананы, ресми өкілдерді , журналистерді қабылдау залын және т.б. көрді. Экскурсия барысында  біздің балалармен бірге жүріп, олардың  көптеген сұрақтарына жауап беруден жалықпаған, Николай Генадьевичтің жұмыс кабинетінде де  болды. Балалар қалай депутат болуға болатынын, Мәжіліс отырыстары жылына қанша рет өтетінін, парламентшілер жұмыстан бос уақытында немен айналысатынын білді.

Тәрбиеленушілердің  Парламентке барғандағы  ұмытылмас әсерлері естерінде  ұзақ сақталады . Экскурсия бастамашысы, орталықтың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арсютин Николай Генадьевичтің айтуынша, балаларды шақыру ниеті ол өзінің депутаттық міндеттеріне кіріскен бойда бірден ойына келген. "Балалар жаңа нәрселерді үйреніп, ересектер өмірімен де танысуы керек. Мен балаларға әлемнің қаншалықты қызықты және алуан түрлі екенін көрсеткім келді, оларды сәнді гаджеттерден бір уақыт босатып, виртуалды әлемнен шынайы әлемге шығарғым келді, оларды қоршаған кеңістіктегі сұлулықты көруге үйреткім келді, еліміздің өткені, бүгіні мен болашағына қызығушылық танытқым келді.Өзін азамат ретінде сезіну үшін адам өз халқының тағдырына қатысы бар екенін сезінуі керек.

Ол үшін өз Отаны, тарихы, мәдениеті туралы білуі керек.  Экскурсиялар барысында осы білімді ала отырып, олар  өз Отанымен мақтануға, оны бағалауға, сүюге және құрметтеуге үйренеді. Балаларды бақылай отырып, мен ойлаған ойымның жүзеге асқаныны түсіндім.Біз жетістікке жеттік ! Олардың барлығы сондай ашық, шынайы ! Мен балалардың бақытты болғанына қуаныштымын! » Бұл кездесуден  ұмытылмас әсер қалды . "Әкеммен бірге бір күн жұмыста" акциясы Еңбек күніне орай ұйымдастырылды.