"Қазақстан Балалары" жобасы аясында "Ананың қолы" Қоғамдық Қоры балаларға Астана қаласына ұмытылмас экскурсиялық сапар ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен тұспа-тұс келген бұл сапар осы күнге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл жай ғана кездейсоқтық емес, бүкіл сапардың маңызды екпіні болды.Балалар қазақстандықтардың өздерінің рәміздері мен мемлекеттік мерекелеріне қалай құрметпен қарайтынын көрді.
Экскурсия бағдарламасыбойынша "Rixos" халықаралық қонақ үйіне бару жоспарланған, онда олар үшін жарқын ойын бағдарламасы ұйымдастырылды. Ары қарай "Думан" ойын - сауық аймағы-әйгілі океанариум мен джунгли, көптеген жылы кездесулер, шын жүректен шыққан әңгімелер болды.
Әр бала көптеген әсерлермен және жылы естеліктермен оралды. Олардың айтуынша, бұл жай ғана демалыс күні емес - бұл ұзақ уақыт есте қалатын күн болды. Балалар барлық іс-шараларға шынайы қызығушылықпен қатысып, ересектерді тыңдап, әр сәтке қуанды.
Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері, әкімшілігі және педагогикалық ұжымы Қор басшысы — Перфильев Максим Геннадьевичке және оның командасына осы сапардың балалардың есінде қалатындай, қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысқаны үшін шын жүректен алғыстарын білдіреді. Мұндай игі істер - баланың жүрегінен басталып әлемді шынымен өзгертеді.
