03.03.2020

Онкүндік жалғасуда

Абай Құнанбаевтың 175 –жылдығына арналған онкүндік шеңберіндегі іс –шаралар жалғасуда. Тәрбиеші Н.Т. Сагындыкова «Абайдың қара сөздері» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде Абайды зерттеу тиімді тәсіл болып келеді. Ақынның шығармалары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ, біздің барлығымыз үшін рухани қолдау болып отыр.
Қара сөзінен:
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» /15 қара сөз/
Шығармашылық лепбук сайысының қорытындысы бойынша «Бірлік « тобының тәрбиеленушілері 1-орын, "Сымбат" және Достык", топтары 2-орынды бөлісіп, 3-орынға "Карлыгаш" тобы ие болды. Барлық топтар тәтті сыйлықтарға ие болды. Балаларға белсене қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және алға шыққандарды құттықтаймыз!