2021ж.31.03. күні Балаларды қолдау орталығында Монтессори кабинетінің ашылу салтанаты болды. Мұндай керемет мүмкіндік «Сәби бақыты» ҚҚ –ның өмірлік қиын жағдайдағы балалардың әлеуметтенуіне бағытталған қызметі арқасында жүзеге асырылды. Кабинеттің ашылу салтанатына Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Маликова Мариям Даулетбековна және ҚҚ –дың өкілдері қатысты. Лентаны кесу салтанатты рәсімінен кейін орталықтағы мектеп жасына дейінгі балалар үшін табиғи қабілеттерін жетілдіретін жаңа әлем ашылды, өйткені Монтессори педагогикасындағы ең басты қағида "Маған оны өзім жасауға көмектес". Қордың әлеуметтік жобаларын қолдағаны үшін "Сәби бақыты" ҚҚ басшысы Мамедова Ақмарал Рамазанқызына және оның пікірлестеріне шын жүректен алғыс айтамыз! Мейірімді жүрегі, жауапкершілігі және сенімі үшін рахмет! Достарымыздың арасында біздің балаларға қолдау көрсетіп , олардың дамуы мен қалыптасуына көмектесетін мейірімді жүректі адамдар барына біз әр кез қуаныштымыз. Ақылды кабинет үшін рахмет!
10.04.2021