Қорытынды іс — шара жыл қорытындысын шығару мерекесі өтті. Біз үздік оқушыларды марапаттадық, маңызды оқиғаларды еске алдық, жеңістерге қуандық. Бірақ бұл жай ғана мереке емес — ол шынымен жылы және отбасылық мереке болды. Ата-аналар ұжымға, қызметкерлерге алғыс сөздерін арнады. Жақсы сөздермен, сыйлықтармен және жылы естеліктермен келген түлектер болды.
Тоғызыншы сынып бітіріп жатқан түлектер, осында болған әр сәтті жүректерінде сақтайтындығын білдіріп, көз жастарына ерік берді.
Мұндай сәттерде орталықтың жай ғана мекеме емес екенін анық түсінеміз. Бұл оларды асыға күтетін, туған үйіндей болған сүйікті үйі.
Осы күні бізбен бірге болғандардың барлығына рахмет!
Осы кеш туралы естелік ұзақ уақыт бойы есімізде сақталатыны сөзсіз.
