30.12.2019

Отбасындағы жаңа жыл

Жаңа жыл ең қуанышты да ең жылы отбасылық мереке болып саналады.Әр бір адам жаңа жылдық сиқырды күтеді. Көбісі жаңа жылдың түнінде барлық тілектер орындалады дегенге сенеді. Бұл мерекені әсіресе балалар асыға күтеді,себебі Аяз ата оларға көп қызықты сыйлықтар әкеледі.
Адамдар туытарына , достарына жаңа жылдық құттықтаулар жіберіп,бір –біріне тосын сый жасайды. 2019ж. 30.12. біздің отбасымызда «Су асты патшалығы әлемінде» деген каңа жылдық бал ұйымдастырылды. Су асты әлемінде Урсула келіп Жаңа жыл туралы айтқанға дейін, бұл мерекені тойламайтын болған.Алғашқыда патша Нептун көңілсіз болды. Өздерінің патшаларының көңілін көтеру үшін балықтар, су перілері,қуыршақтар, краб Себастьян, хатшы Буль-Булька, тіпті қарақшылар да ән айтып, би биледі. Бірақ олардың жоспары жүзеге аспады. Сосын Урсула патшаға келіп қазір құрлықта Жаңа жыл мерекесі тойланып жатқандығы туралы айтады және осы мейірімді зұлымның арқасында Нептун патша жаңа жылдық керемет көңіл күйге енеді! Осылайша су асты патшалығында көңілді жаңа жыл кеші тойланады, патшаның көңілі көтеріледі ! "Қонақ келсе, құт келер"деген қазақта мақал бар. Үйге қонақ келсе балалар өздерін бақытты сезінеді және олар жақсы ниетпен, көңілід әзіл, сыйлықтарын ала келеді. Осы жолы В этот раз, гостями театрализованного представления "Су асты патшалығындағы жаңа жыл" театрланған қойылымға Екібастұз аумағы бойынша жемқорлыққа күрес басқармасының қызметкерлері, "Восточный" разрезінің кәсіп одақ комитетінің төрағасы Давиденко Василий Петрович келді. Ерлан Уахитович балаларды құттықтай отыра, Орталықтың жетістіктері бірлесіп қызмет жасауға да байланысты екендігін атап өтті. Балаларға көңілді жаңа жылдық әсерде болуын, арман тілектерінің орындалуын тіледі. Орталықта қонақтарды қабылдау көптеген тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: қонақтарға өз тілектестіктерін, кездесулер мен жаңа таныстарға қуанатындығын, қонақтарды сыйлайтындығын көрсетеді. Біздің балалар осы тұрғыдан келгенде тәрбиелі, мейірімді,ашық –жарқын, қонақжай деп ойлаймыз. Сыйлықтар мен ізгі тілектеріңіз үшін рақмет! Сіздердің отбасыларыңызда да жақсылық пен махаббат орнасын!