"Жаса Одағы" қоғамдық қоры жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру және олардың ой-өрісін кеңейту бойынша жұмысты жүзеге асыра отырып, балаларды таң қалдырып, қуантуды жалғастыруда. Бірегей қор! Бірегей бастамалар! Керемет жобалар!
Қарапайым, ерекше қызықты адамдар, өмірдегі қиын жағдайға тап болған балаларға мейірімділік пен қамқорлық көрсететін жомарт адамдар қорда жұмыс істейді . Осыдан бір ай бұрын ғана балалар осы қор ұйымдастырған Қазақстанның балалар үйінің 100 тәрбиеленушісіне арналған саяхат бойынша Алматыға барып келген боатын. Бірақ ұйымдастырушылар жобаны жалғастыруға және балаларға жағымды көңіл – күй сыйлауды жалғастыруда.
Келесі сапар Байқоңырға күзге жоспарланған болатын. Бұл тез және таңдау Павлодар облысының балаларының пайдасына шешіледі деп ешкім күткен жоқ. 12 қыркүйекте Павлодар облысының интернаттық мекемелерінің тоғыз тәрбиеленушісі Байқоңырға барады.
Расында, мұндай экскурсия, күтпеген таңғажайып форматта - алғашқы ғарыштық зымыран ұшқан ғарыш айлағына балаларды апару алғаш рет өткізіліп отыр! "Жас одағы" ҚҚ директоры Денис Лукьянчуктың айтуынша, Қордың барлық командасы үшін ең бастысы - балаларды әлемді тануға ынталандыру. "Біз балаларды сапарлармен қуантып қана қоймай, балалық шақтың бақытты эмоциялары өмір бойы есте қалуы үшін әлемнің алуан түрлілігін көрсеткіміз келеді"-деді. Тоғыз бақытты жанның арасында, Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Юсупов Эльдар болды, ол сапардан өте жақсы көңіл-күймен және жарқын әсерлермен оралды , оның айтуынша кеменің ұшуы және көңіл толқынысы осы күнге дейін көз алдында. "Мен осы сапарды еске алсам, әлі де толқимын! Ғарыш кемесінің ұшырылуы менің көз алдымда. Біз қатты уайымдап, осы сәтті күттік. Мен Байқоңырға сапарға шыққаныма және осы ерекше көріністі көре алғаныма ризамын! Қазақстан үшін, ғылым, космонавтика үшін қуаныш пен мақтаныш сезімін сөзбен жеткізе алмаймын! Байқоңырға сапар-мен үшін ең керемет сыйлық , бұл мәңгілік естелік! Балалар көрмегені өкінішті, бұл мен үшін керемет саяхат болды! Старттың өзін сөзбен сипаттап жеткізе алмайсың, бұл өте күшті , жарқын және керемет көрініс! Мұны әркім өз көзімен көруі керек! Мен бұл таңғажайып сапарды ешқашан ұмытпаймын!»
Эльдар ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысын білдіреді, өйткені ол әйгілі ғарыш айлағына, ұшыру алаңдарына, мұражайлар мен тарихи ескерткіштерге барып қана қоймай, ұшыру дайындығының барлық кезеңдерін – зымыранды әкету мен оны ұшыру үстеліне орнатуды, ғарышкерлерді ғарыш айлағына шығарып салуды байқауға мүмкіндік алды. Шынында да, әсер өмір бойы қалады!
Байқоңырға барған сапарымызда біздің балалар дың ұраны болған
" байлаңыз, біз ұшамыз!" ұйқасы ең керемет қор Жаса Одағы " Қорының жаңа да қызықты жобаларының бастамасы болсын!