Балаларды қолдау орталығының педагогтары 2023 ж.24.08.Павлодар қ.Естай атындағы Мәдениет сарайында өткізілген Павлодар облысы білім басқармасының Облыстық педагогикалық қызметкерлер алқасының жұмысына қатысты. Іс –шараның соңында ерекше көзге түскен педагогтарды марапаттау рәсімі өтті. Олардың ішінде балаларды қолдау орталығының әлеуметтік педагогы Айнагүл Амерканқызы Родионова Білім Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айнагүл Американқызы өзінің осы мекемедегі педагогикалық қызметін 2012 жылдың тамыз айынан бастап тәрбиеші қызметінен бастады. Қазіргі уақытта Орталықта әлеуметтік педагог болып жұмыс істейді. Ол әлеуметтік серіктестермен тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша тығыз байланысты жүзеге асырады. Ол өзінің тәжірибесі мен Орталықтың жұмыс тәжірибесін облыстық және республикалық әдістемелік басылымдарда, интернет-ресурстарда үнемі жариялап отырады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың ата-аналарымен үлкен жұмыс жүргізеді, асырап алушы ата-аналар мектебінің жаттықтырушысы болып табылады. 2020 жылы - Павлодар облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2022 жылы "тәлімгер" төсбелгісімен және "Колдау"білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі ҚБ сертификатымен марапатталды.
Құрметті Айнагүл Американқызы ! Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен ересектер ұжымы Сізді марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл марапат сіздің соңғы жетістігіңіз болмасын және сізге керемет эмоциялар мен сенімділік әкелсін! Сізге денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз! Құттықтаймыз !
24.08.2023