2023ж. 26.05. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында балаларды қолдау орталығында Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды . Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы А. К. Серғазинов заң кеңесшісі - А .Т. Ағыбаевпен, нотариус Ж.С. Маңғысбаевамен , жеке сот орындаушысы Д. Е. Жұмадиевпен бірге өмірлік қиын жағдайдағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша білікті құқықтық кеңес өткізді. Атап айтқанда, орталықтың педагогтары мен қызметкерлері алимент өндіріп алуға, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды оңалтуға, азаматтық хал актілерін тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап алды. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетін дамыту үдерісінен бөлінбейді және әрине бұл кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.
26.05.2023