24.12.2021

Президент шыршасы

2021ж.24.12. Балаларды қолдау орталығына мерекелік безендірілген кортеж Аяз Ата, Ақшақар және көңілді жолбарысты алып келді. Олар балаларды құттықтап, ҚР – ның Президенті Касым - Жомарт Кемелевич Токаевтың атынан сыйлықтар табыс етті. Биылғы жылы Президент атынан келген қонақтарды төрт тәрбиеленуші қарсы алды. Әрине толқулар болды, тақпақтардан жаңылысты, бірақ та барлығы шынайы қуанышты болды. Юсупов Эльдар, Самойлова Римма , Самойлова Аида және Коротков Шакир бізің белсенділер, оқу озаттары, жетістіктің шыңына шығуға ұмтылып жүрген балалар. Олардың әр қайсысы өз бағыттарында жетістіктерге жетті, республикалық деңгейдегі әр түрлі конкурстарға қатысып грамотамен марапатталған балалар.Жұмсақ ойыншықтар, тәтті сыйлықтар, кітаптар және ақшалай сыйлық балаларды қуанышқа бөледі. Ақшаны қайда жұмсайсың?- деген сұраққа барлығы дерлік телефон алатындықтарын жеткізді. Олардың әр қайсысы өз армандарын – телефон ,заряд құралын сатып алатындығын айтып жатты, ал Юсупов Эльдар анасына пәтер сатып алуға көмектескісі келетіндігін айтты. Олар Президентімізге өз тілектерін білдіріп,алғыс айтты, жаңа жылмен құттықтады. Кейін олар өз тобындағы барлық балаларға Президенттің құттықтауын оқып берді. "Жас дос! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Бұл мереке сізге қуанышты сәттер мен жарқын әсерлер әкелсін! Сіздің алдыңызда барлық есіктер ашық, өйткені сіз Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келдіңіз. Жақсы оқыңыз, батыл және мақсатты болыңыз! Сізге денсаулық, сәттілік және көптеген достар тілеймін! Сіздің ең үлкен армандарыңыз орындалсын".