26.04.2023

Жағымды кездесу

Жағымды кездесу Жағымды кездесу

26.04.2023 ж. Экибастұз қаласының Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінің қонағы болып, танысу сапарымен Павлодар облысының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі @natali18121979 Покидова Н.С. келді.

Біз үшін балалардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын, балалар мекемелерінің жұмыс механизмдерін, қаламыздағы, облысымыздағы, республикадағы жағдайға қатысты Наталья Сергеевнаның пікірін есту өте маңызды болды. Әрине, біз де өз қызметімізге қатысты жоспарларымызбен бөлістік.

Кездесу барысында балалар өздерінің қалай өмір сүретінін, немен айналысатынын, уақыттарын қалай бөлетінін айтып берді, домбырада ойнаудағы жетістіктерін көрсетті, суретке түсті. Наталья Сергеевна әрқайсысын үлкен ықыласпен тыңдап, көп сұрақтар қойып, әр баланың жетістігі өз қолында екенін, оқып-үйрену, дамумен айналысу, болашаққа қандай білім мен тәжірибемен шығатынын ойлау қажеттігін атап өтті.

«Үйлеріңіз жақсы, жайлы екен, сіздердің оны қалай жақсы көретіндеріңізді байқадым, бүгін өмірлеріңіз туралы қаншама қызықты нәрсе білдім. Біз міндетті түрде сіздермен үлкен іс-шараларда кездесетін боламыз. Жоспарым өте көп…» – деді ол.

Біз Наталья Сергеевнаға үйіміздің ісіне деген қызығушылығы мен ізгі ниеті үшін алғысымызды білдіреміз. Қиын өмірлік жағдайда жүрген балалардың игілігі үшін біздің қарым-қатынасымыз бен ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жалғасып, дамиды деп сенеміз.