2023ж.04.11.күні балаларды қолдау орталығының БТЖО Қ. Б. Рамазанова "Павлодар облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы" ұйымдастырған "Жарақаттанудың алдын алу" семинар-тренингінің жұмысына қатысты.
Өкінішке орай, балалар жарақаты біздің қоғамда ең көп кездесетін мәселелерінің бірі болып отыр. Жарақаттар балаларға физикалық және моральдық қиыншылық әкеледі, емдеуді қажет етеді, (көбінесе ауруханада), әдеттегі өмір салтынан бас тартуға, қозғалыс белсенділігін төмендетуге мәжбүр болады. Жарақаттың салдары көбінесе денсаулықтың бұзылуына және мүгедектікке әкелуі де мүмкін.
Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, балалық шақтағы жарақаттардың алдын алуға болады. Ең алдымен, ересектер балаларға ерекше назар аудару керек екендігін ұмытпауы тиіс: олар өте қозғалысты, белсенді, ізденімпаз, көбінесе қауіптілік дәрежесін түсіне бермейді, өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды.
Кездесу спикерлері ретінде сарапшы –дәрігер, Халықаралық санаттағы жаттықтырушы Асташкина Л. Н., травматолог – дәрігерлер, жол – көлік оқиғасы департаментінің өкілдері сөз сөйледі, олар тіршілік қауіпсіздігі, жарақаттану, тұрмыстық жарақаттар / күйіктер, сынықтар, байлам аппаратының зақымдануы, көгеру, құлау, өткір заттардың зақымдануы, термиялық әсер, жануарлардың шағуы/ туралы әңгіме қозғады.
Балаларды жарақаттанудың қауіпсіздігі мен алдын-алуға үйрету керек!
Жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау адамға, өмір дәлелдегендей, әртүрлі физикалық және моральдық жарақаттардан аулақ болуға көмектеседі.