Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында 50 тәрбиеленуші тұрып жатыр. Мұнда жайлы өмір сүруге, шығармашылық және спорттық дарындарын дамытуға барлық жағдай жасалған – Павлодар онлайын хабарлайды. 2019ж 27 08. Республикалық балалар құқығын қорғау кеңесі Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында болды. Тәрбиеленуілердің өзін –өзі басқару кеңесі сыйлы қонақтарды ертіп жүріп, өздерінің үлкен отбасы туралы , дәстүрлері туралы, ұжымдағы бір –бірімен қатынасы туралы зор ынтамен әңгімелеп берді...Қонақжайлылықтарын көрсетіп, өздері дайындаған пиццадан дәм татқызып өз өнерлерін көрсетті. Ересектердің үйде жайлы жағдай орнатып , тосынсыйлар жасайтындығын мақтанышпен жеткізді. Сұлулық салоны және зияткерлік даму кабинетін көрсетіп мақтанды, ал ақпараттық кеңес мүшелері қонақтардан сұхбат алып үлгерді.Қонақтар педагогикалық ұжымның жұмысына жоғары баға беріп, ересектер мен балаларға алғыс білдірді. Nur Otan партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау кеңесінің мүшесі, топтың басшысы Мансия Исказина үйде жайлы жағдай жасалғандығын, балалар ға қамқоршы болып отырғандығы сезіліп тұрғандығы туралы атап өтті. Балалар өз –өздерін дұрыс ұстайды, орталықта тазалық пен реттілік қалыптасқан. «Ең алдымен сендерге мықты денсаулық және алдарыңа қойған мақсаттарыңа жетулеріңді тілеймін.Ал мен сендердік армандарыңның көп екендігін білемін. Мен сендеге табыс тілеймін! Педагогикалық ұжымның білікті құрамының жұмысы нәтижесінде орталық құрылғаннан бері 32 баланың отбасына қайтарылуы өте қуанышты жағдай» - деді Мансия Исказина.
27.08.2019