Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен аталып өтілетін Алғыс айту күні орай Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында бірнеше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
«Ризашылык мейрімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени –білім беру жобасы шеңберінде, Бүкіл қазақстандық мереке – Алғыс айту күніне балаларға арнап әр түрлі қызықты іс –шаралар жоспарлады. «Бір Отан - Бір отбасы», «Өз еліңмен мақтан» тақырыбында әңгіме сағаттары өткізіліп, адам өміріндегі алғыс айтудың маңызы туралы әлеуметтік бейнебаян тамашалап өз оййларымен бөлісті, «Ұшқыр ой алаңы» дебаты өткізілді. Алғыс айту күні қарсаңындағы ең маңызды оқиға «Қазақстан - менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалдың обылыстық сайысына біздің балалардың қатысып, жақсы нәтиже көрсетуі болды. Олар өз жеңістерін жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірімділік пен қамқорлық көрсетіп жүрген Сара Алпысқызы Назарбаеваға арнады.
2019ж.28.02.күні Орталықтың тәрбиеленушілері «Чосон» корей диаспорасы мәдениеті орталығындағы іс –шараға қатысты.
2019ж.01.03.күні Орталықтың тәрбиеленушілері қызметкерлерге өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстап, Алғы айту күні туралы ақпараттық «бес минуттық» өткізді. Екі күн бойы Орталық тәрбиеленушілері көпұлтты отбасы «Достық үйі» КММ –дегі қызықты шараларға қатысты. Тәрбиеленушілер ризашылығын білдіре отыра «Достық үйі»ұжымына сертификат табыстап, көп жылдық достығы үшін алғыстарын білдірді. Достық үйі ұйымдастырған шара ардагерлердің қаламыздағы өнеркәсіп кәсіп орындарының жастар қанатын, этно мәдени бірлестіктердің басын қосты. Балаларды қолдау орталығында Алғыс айту күніне арналған «Ұлт ұлыска ортақ үй - Қазақстан» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Осы күні Орталық қаламыздағы «Өнер» мәдениет орталығының шығармашылық ұжымдары «Камажай» фольклорлық ансамбль, «Серпантин» спорттық би клубы, «Степ-фо» спорттық би клубы, «До-ми-соль» вокалдық студиясы, «Тумар» вокалдық топ, Екібастұз қаласының брейк командасына есігін айқара ашты. Вокалистер Кайырненов Сулеймен, Ануар Назымбек, Максатов Дастан және басқалары балаларды керемет шығармашылық нөмірлерімен қуантты.Іс –шара қысқы туған күн иелері 12 тәрбиеленушіге ерекше қуаныш сыйлады. Оларға «Степ-фо» спорттық би клубы мүшелері сыйлықтар ұсынды. Іс –шара соңында барлығы қосылып «Қазақстан –біздің ортақ үйіміз» әнін орындады.
Екі күн бойы Екібастұз қаласының іскер әйелері Ассоциасы өкілдерінің қатысуымен сувенирлік бұйымдар жасау бойынша балаларға арнап мастер –класс ұйымдастырылды.
Қазақстан халқына деген алғыс сезімін білдіруге арналған іс-шара балаларды мейірімді, қайырымды болуға, бір –біріне, үлкендерге көңіл бөліп, назар аударып жүруге үгіттеді. Балалар өздерін болашақта көптеген жақсы істер күтіп тұрғандығын , бірақ та ең алдымен нағыз меірімді , қайырымды, батыл адам болып ер жету керек екендігін айтты. Алғыс айту күні тек қана мереке емес, адамдарға көмектесіп, жақындарыңа қуаныш пен күлкі жылылық сыйлатын - өмірдің принципі болып қалсын. Қайырымдылықсыз өмір сүру мүмкін емес қой! Жан –жағыңдағы адамдардың біреуіне көмек көрсетіп, біреуіне қолдау жасап, біреуге қол ұшын созып, рақмет –деген жақсы сөз айту адам баласының ең жақсы қасиеті.Біз осы өмірдің бір бөлігіміз. Біз жақсы болсақ – өміріміз де жақсарады!
05.03.2019