Таңертеңнен бастап біздің үйдің ауласында мерекелік көңіл –күй орын алды: Көңілді, ақ бантик таққант қыздар, гүл шоқтары, түрлі - түсті шарлар, балалардың шат күлкісі .Демалыс күндеріне қарамай білім мерекесіне тәрбиешілердің барлығы келді келді –қыздардың шашын өріп, жейделерін үтіктеді. Білім күні-ерекше, қызықты мереке. Біздің отбасымыз үшін бұл ерекше маңызға ие.
Көңілді алаңсыз күндер артта қалды, алда сабақтар мен өзгерістер, үй тапсырмалары мен сабақтан тыс іс-шаралар, сәттілік, қуаныш пен уайым бар. Жаңа шытырман оқиғаларды қуана күте отырып, жаз бойы мектептерін сағынған оқушылар сүйікті №24 мектебіне барды. Бұл күн жаңа оқу жылы басталады. Бұл оқу жылы көптеген қызықтар мен жаңа білім, жаңалықтар мен жаңа достар әкелсін!