Таңертеңнен бастап Орталықта нағыз мереке атмосферасы орнады. "Vita" еріктілері аумақты жарқын шарлармен безендірді ,балалар бұл сұлулықты көргенде қуаныштарын жасыра алмады!
Ал спорт алаңында балаларды көңілді аниматорлар күтіп тұрды. Олар күлкі мен сергектік сыйлап қана қоймай, барлығына сыйлық берді — бүгінгі күн расымен де сиқырлы басталды!
Әрі қарай балалар одан да көп әсерлерге бөленді:
Балалардың кей бірі сүйікті аспаздарымен бірге ойын-сауық орталығына барып көңіл көтерді.
Балалардың енді бір бөлігі «Табыс құпиясы» мерекелік бағдарламасына қатысты, онда «Восточный» разрезі кәсіподақ комитетінің төрағасы тәрбиеленушілерді жылы лебізімен құттықтап, жазғы демалысты жарқын, белсенді өткізуін тіледі.
