2023 жылғы 30 қазан мен 2 қараша аралығында Астана қаласының "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының базасында білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесі "Qoldau" ҚҚ –ның ұйымдастыруымен отбасын қолдау орталықтарын жетілдіру бойынша практикалық семинар-тренингтер өтті.Жоба жетекшісі Сағындық Фарида.
Семинар-тренингтерге төрт өңірдің өкілдері қатысты : Павлодар, Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облысы - жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, балаларды қолдау орталықтарының, дағдарыс орталықтарының әкімшілігі, үкіметтік емес ұйымдар.Жұмыс барысында отбасын қолдау орталықтары қызметінің бірыңғай тұжырымдамасы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж отбасылармен жұмыс істеудегі ведомствоаралық қызметтердің сапалы және жедел өзара іс-қимылы, алдын алу деңгейін арттыру және тәуекел тобындағы отбасыларды ерте анықтау, әлеуметтік әл-ауқаттың орнықты деңгейін арттыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу туралы талқыланды.
Павлодар облысынан тренингке 10 маман қатысты, оның ішінде Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының әлеуметтік педагогы Родионова Айнагул Американовна да болды.
4 күндік семинардың бағдарламасы қарқынды өтті, барлық қатысушылар тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысты. Семинарда Астана қаласының "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының жұмыс моделі, өңірлердің ӨҚЖ отбасыларымен жұмыс тәжірибесін зерделеу, кейс - менеджментке кіріспе, кейстерді талдау, жұмыс алгоритмдерін құрастыру, психологиялық жаттығулар және кері байланыс ұсынылды.
Практикалық тренингтер аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.