18.11.2023

Отбасы және бала тәрбиесі

2023ж.18.11 күні  Екібастұз қаласының "Үміт" арнайы әлеуламеттік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығында   республикалық " Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалар "ақпараттық науқанының бірыңғай ата-аналар жиналысы күні аясында" Отбасы және бала тәрбиесі "тақырыбында ата-аналар жиналысы  өткізілді.

Бұл ерекше жиналыс болды, өйткені өз балаларын шын мәнінде отбасына қайтарғысы келетін ата-аналар келді, өйткені олардың балалары үшін ең бастысы - отбасына қайту. Әрбір адам өмірде қателесуі мүмкін, бірақ өз балалары үшін өз өмір салтын өзгертетін ата-анар бар.Ата –аналар жиналысында басшының орынбасарлары Г.Н.Абдулина , К.Б.Рамазанова, әлеуметтік педагог А.А. Родионова, психолог А.Р.Кудушева баяндама жасады. Қолайлы және жайлы жағдай жасау мақсатында психолог

А.Р. Кудушева «Мен саған күн сыйлаймын» жаттығуын өткізді. Жиналыс барысында бейнебаян , тренинг элементтері, ми шабуылы, кластермен жұмыс, диалог қолданылды. Ата-аналарымен отбасылық құндылықтар мәселесі, отбасы дегеніміз, баланы қалай тәрбиелеу керек, отбасының әл-ауқаты кімге байланысты? деген  мәселелер талқыланды. Шақырылған барлық ата-аналар өте белсендіболды , көздеріне жас ала отырып , әке-шешенің махаббаты туралы  аңыз әңгімені тыңдады.

Соңында балалар  ата – аналарына көбелек сыйлап, өлең оқыды. Әр бала ата-анасына деген сүйіспеншілігін мойындады. Бәрі де, тіпті әкелер де  көздеріне  жас  алды. Педагогикалық ұжым мен тәрбиеленушілердің ата-аналарының өзара қарым-қатынасы бір-біріне  құрметпен қарауға,  жағымды қарым-қатынас форматында сенімді бекітуге, ата-аналарда балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық проблемасының өзектілігіне дұрыс көзқарас қалыптастыруға, балаларды ересектердің  проблемасынан  қорғауға және әрине баланы отбасына қайтаруға мүмкіндік берді.