Сәуір айы - дәстүрлі түрде тазалық жасаудың , реттілік орнатудың уақыты, ал сенбілік - ұрпақтарды біріктіретін игі дәстүр. Бүгін, 30 сәуір күні мамыр мерекелері қарсаңында балаларға "Восточный" кенішінің ардагерлері, жастар кеңесінің өкілдері келді. Шеңберді айнала тұрған балаларға ересектер жақсы тілектер айтты,басшы Н.А.Абдрахманованың сөзінен кейін, балалар мен ересектер бригадаларға бөлініп, өз учаскелеріне кішкентай шыршалар отырғызуға кірісті. Ұраны " Таза болу табиғат-аман болу адамзат!».
Қызу жұмыс басталып та кетті ! Үлкен балалар жастарға қосылып, аумақты абаттандырумен айналысты. Балалардың көңілді күлкісі, ересектердің жарқын әңгімесі, жылы шуақты ауа –райы - барлығы жағымды мерекелік атмосфераны орнатты. Барлығы өмірдің бұрынғы арнасына түсіп, жүзбе –жүз кездесе алатындығына өте қуанышты болды, енді өзіміздің сүйікті достарымызбен тағы да кездесуге болады. Бірлесіп шыршалар отырғызып , ағаштардың түбін қопарып, ауламызға сән кіргізген бірлескен жұмыс ,жалпы күш-жігердің арқасында бұрынғыдан да да әдеміленіп кеткен ауламызға мақтанышпен қарау соншалықты әсерлі де қуанышты болды.