2019 ж.08 02 күні «Екібастұз қаласының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында»кеңес жауынгерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған соғысының жаңғырығы» атты іс –шара болып өтті. Құрметті қонақтардың қатарында қалалық Ауғанстан ардагерлері кеңесінің төрағасы Шарапатов Г.Г., қалалық Ауғанстан ардагерлері кеңесінің төрағасының орынбасары КоноваловА.Н.,интернационалист- жауынгерлер Жеребцов В.А., Баймагамбетов Х.Щ., Слепцов Н.И., Градиль А.А., Капанов К.К., Шнайдер А. Б., Сытько А.А., Волков А.В., Алдабергенов Г. С., Авласко С.В., Черненко Е. И., Гатаулин Р. С., және де «Восточный» разрезінің жастар кеңесінің төрағасы Семеновым Е. бастаған кеңес мүшелері болды.
Бізге тек интернационалист – жауынгерлер ғана емес , нағыз батыр, патриоттар келді. Біздің бүгінгі кездесуіміз – ерлік пен қайғысы мол Ауған соғысына қатысы бар барлық адамдарға құрмет көрсетіп, еске алуға арналды. Ауғанстанға олар әр түрлі жылдарда барды және әр түрлі бөлімшелерде міндетін атқарды. Бірақ нағыз батырлар біздің тәрбиеленушілерімізге көптеген ұқсас оқиғалар мен тарихтарды айтып берді. Кездесу «Туған жер» әнімен басталып, қазіргі күні туған қаласында қызмет етіп, «Восточный» разрезінде жұмыс істеп жүрген интернационалист – жауынгерлер туралы видеофильмнің көрсетілуімен жалғасты. Қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қонақтар өз кезегінде өздерінің өмірлері туралы,соғыс әрекеттеріне қатысқаны туралы, атысқа түскендері туралы, күні - түні автоматпен жүргендері туралы әңгімелеп берді.
Кездесу барысында тәрбиеленушілер біздің жауынгерлеріміздің шыдамдылығы, батылдығы, Отанға, туған-туысқандарына деген үлкен сүйіспеншілігі осы соғысқа төтеп беріп батырлықпен үйлеріне оралуына көмектескендігін түсінді.
Кездесуден естелік ретінде ардагерлерге сыйлықтар табысталып, оларға арнап біздің тәрбиеленушілер музыкалық композицияларды орындады. Қонақтарға арнап балалар «Ел батырлары» атты патриоттық би биледі, «Казахстан баласы» әнін орындады. Голубов Александр мен Краева Алена қонақтарға «Афганский вальс» биін тарту етті.
Бүгінгі ұрпақ ауған соғысы қасіретін ұмытпауы керек, біз өз өмірін қауіпке тіге отыра , жауынгерлік міндетін адал атқарған, бейбітшілік үшін күрескендерді есте сақтауымыз керек.қазіргі ұрпаққа сіздердің істеріңіз үлгі болады. Сіздерге бас иіп тағызым етеміз!
Ауған – жауынгерлеріне мықты денсаулық, бақыт, табыс пен сәттілік тілейміз! Бұл кездесу балалардың есінде ұзақ сақталатыны сөзсіз.
20.05.2019