08.03.2021

Сән үкімі

Балаларды қолдау орталығында әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті . 8 наурызды мерекелеу дәстүрлі  емес тәсілде, ерекше «Сән үкімі» деген атаумен   өтті. Негізгі  мақсаты-көктем мерекесі қарсаңында жақсы көңіл-күй, жағымды эмоциялар қалыптастыру, тәрбиеленушілер  арасында шығармашылық  қабілетті  дамыту , ең бастысы, әйелге, анаға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Әдемі, нәзік вальс мерекелік бағдарламаны ашты!  Жаңа би костюмдері, безендіру, мерекелік бағдарламаның форматы әйел адаммен мақтанатын,   таңданатын  нағыз атмосфераны құрды. Ешкім назардан тыс қалған жоқ! "Восточный" разрезінің басшылары атынан барлық қыздар мен педагогтарға алғашқы көктемгі гүл - қызғалдақтар табыс етілді.