Тәрбиеленушілерді жоғары деңгейдегі құндылықтармен таныстыру, адамға жақсы қасиеттер тудыратын істерге бағыттау, практикалық істерге қатысу арқылы шығармашылық қабілеттер мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында орталықта балалардың өзін-өзі басқару кеңесінің отырысы өтті. Балалармен жұмыстағы негізгі психологиялық тактика бойынша кездесуді ұйымдастырушы басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. К. Абдулина soft skills және hard skills дағдыларын қалыптастырумен байланысты педагогикалық технологияларды таңдады. Балалар кездесуді өткізу форматына қызу араласты, бастабында шиеленіскен жағдайда болды, соңында балалар белсенділік танытып , өз идеяларын ұсынды, пікірлесті және жолдастарының пікірлерін бағалауға өзін-өзі сыни тұрғыдан қарауды үйренді .Кездесуден соң да кейбір балалар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап іздеп жекелей кездесуге келді. Балалар ұжымының жұмысын талқылай отыра Орталықтың әкімі Махажанова Айжан келесі жылы Өзін өзі басқару кеңесінің жұмысын белсенді жүргізуді ұсынды, сонымен қатар балалардың ынталандыратын – өз туы, мөрі,жалаушалары пайда болды. Оларды барлық балалардың сүйікті қамқоршысы, «Сәби бақыты» ҚҚ –ның жетекшісі Акмарал Рамазановна жасатып берді. Өздерінің атрибуттарының пайда болуы балалардың әртүрлі шығармашылық істерге қызығушылығын арттырады және олар ұйымдастырушылық және тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда бастама көтере бастайды деп үміттенеміз.Өзін-өзі басқарудың жаңа жүйесі тәрбие жұмысының деңгейін арттырып, тәрбиеленушілердің көшбасшылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайтыны сөзсіз.
03.05.2021