12.01.2025

Дәстүр өзгермейді! «Снежинкада» демалдық!

Дәстүр өзгермейді! «Снежинкада» демалдық! Дәстүр өзгермейді! «Снежинкада» демалдық!

2025 жылғы 11 қаңтарда "Восточный" разрезінің кәсіподақ комитеті дәстүрлі түрде жаңа жылдық мереке апталығы аясында Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін "Снежинка" қысқы демалыс базасына шығуды ұйымдастырды. Балалар автобуста өздері папа деп атайтын  кәсіподақ комитетінің төрағасы Давиденко Василий Петровичті  және «Жастар лигасы» жастар командасын қуанышты леппен қарсы алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына тарту және ашық ауада демалу және әрине бейресми қарым-қатынас жасау болды . Балаларды "Снежинка" базасында жағымды тосын сыйға тап болды, онда Екібастұз қаласы бойынша ҚІӘА-ның  төрайымы  Суйнишева Шаттық Ешмұратқызы өз командасымен балаларды күтіп тұрды . Олар балаларды күлімсірей қарсы алып  қуана  қарсы алды. Шаңғы, сноуборд, ватрушкамен сырғанау... бәрі болды. Балаларға дәмді ұлттық кондитерлік өнімдер - бауырсақ, самса қосылған ыстық шай ұйымдастырылды .Ал Палау ... керемет!  бұл бөлек әңгіме ! Олар ұзақ уақыт шай ішіп, әзілдесіп отырды. Василий Петрович балаларға тәттілерді қуана-қуана салып, қазір тауға қар шығарамыз,сондықтан жақсы тамақтанып алыңдар деп әзілдеді. "Восточный" разрезінің жастар кеңесі мен Шаттық Ешмұратқызы бастаған  ҚІӘҚ  мүшелері балаларға шай құйды...

Бұл күні балалар үшін жағымды эмоцияларға толы  ең қызықты демалыс болды. Алғаш рет  2018 жылғы 11 ақпанда "Восточный" разрезінің кәсіподақ комитеті Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін "Снежинка" демалыс базасына апарып демалдыруды ұйымдастырған болатын.Кейін   дәстүрге айналды.Бұл  жылы қамқорлық жаңа жылдық мереке апталығының бір бөлігіне айналды, балалардың жүрегінде жарқын естеліктер қалдырды.