28.10.2024

Әсерлі кездесу

2024 ж. 28.10. Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығында Республикалық мереке -   Қамқоршылар күніне арналған әсерлі кездесу болып  өтті. Биылғы жылғы ізгілік пен  құрметке толы   жылы және әсерлі іс-шараны  Баянауыл ауданы, Жаңатілек ауылының Бақыт Хайдаров атындағы орта білім беру мектебінің жас педагогтары ұйымдастырды. Бұл жақсы бастама орталықтың педагогтарына  қатты әсер етті, өйткені бұл іс-шара  күнделікті балалармен жұмыс істеп оларға  деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын аямайтын  тәрбиешілер мен тәлімгерлерге арналды. Мерекені өздері ұйымдастыруға дағдыланған тәрбиешілер үшін  бұл тосын сый шынымен күтпеген оқиға болды және жағымды әсер  қалдырды. Тәрбиешілерге  зор құрмет көрсетілді және шынайы алғыс сөздерін  жаудырды. Іс-шара барысында  жүргізушілердің әсерлі сөздері, концерттік  нөмірлер, әр тәрбиешіге  арналған гүлдер, олардың  еңбектеріне деген құрмет пен ризашылықтарын білдіруі барлығы мерекелік көңіл –күй сыйлады.

Бұл ерекше игі бастама Екібастұз қаласы  балаларды қолдау орталығы  және  Жаңатілек ауылы Бақыт Хайдаров атындағы орта мектептің   педагогикалық ұжымдарының бірлігі мен өзара түсіністігінің символына айналды. Педагогтардың  ортақ мақсаттар мен құндылықтары бар, "Біртұтас тәрбие" бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру арқылы  балаларға  өзі үшін жасалып жатқан     педагогтардың   еңбегін білуге, бағалауға,   құрметтеуге  үйретеді.  Ұлт бейнесін айқындайтын негізгі құндылықтар - бірлік пен ынтымақ, еңбекқорлық пен кәсіпқойлық, жасампаздық пен жаңашылдық осы кездесуде көрініс тапты .  Жас мұғалімдер өздерінің аға әріптестерінің дәстүрлерін жалғастырушылар ғана емес, сонымен қатар өздері балаларға тірек бола білетін,  шабыт беретін ,  мейірімділік  және рухани жомарттықтың үлгісі бола білетіндіктерін көрсетті.

Мектеп директорының м.а. директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары Жортуылова Нұргүл Абайқызына, мектеп директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Қабыкен Дулата Қуандықұлына, музыка  пәні мұғалімі Искакова Тоғжан Серікқызына, ағылшын тілі мұғалімі Тускенова Эльмира Нұртасқызына, дене шынықтыру мұғалімі Мәлік Қажыкенге, домбырада әдемі күй  орындаған "Атамұра" мәдениет орталығының өкілі Теміржан Мадиярға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Сіздерге және  әріптестеріңізге адам өміріндегі ең құнды  дүние – адамгершілік , мейірімділік  және сезімталдықпен бөліскендеріңіз  үшін рахмет айтамыз! Бізге қолдау  көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Отбасыларыңызда үйлесімділік, бейбітшілік пен жайлылық орнасын. Сіздерге  зор денсаулық, еңбектеріңізді бағалап,   ризашылылығын  білдіретін оқушыларыңыздың  көп болуын  тілейміз! Қамқоршы күні құтты болсын!