07.11.2025

Кадрға қосыл!

Кадрға қосыл! Кадрға қосыл!

«Кадрға қосыл!» — Екібастұзда мектеп репортёрлерінің қалалық медиафорумы өтті. «Қайнар» ББК-нде өткен шығармашылық алаң форматындағы форумда жас блогерлер мен журналистер медиасалада жұмыс істеуді үйренді: мәтін жазу, визуал жасау, мектеп парақшаларына контент ойлап табу.

«SMM Star» студиясының жетекшісі Гузал Жақыпбекова қатысушылармен өз тәжірибесін бөлісіп, мектеп контентін қалай заманауи, шынайы әрі қызықты етуге болатынын айтты. Жаңа білімдерін бекіту мақсатында редакциялық командалар өздерінің шағын жобаларын әзірледі: айдарлар, визуал, Instagram-ға арналған контент-жоспар. Жобалар жарқын, креативті әрі бір-біріне ұқсамайтын болды.

Форум соңында білім бөлімі әлеуметтік желілердегі парақшалары мазмұнды және сапалы контенттің үлгісіне айналған мектептерге Алғыс хаттар табыстады. Солардың қатарында біздің Балаларды қолдау орталығының парақшасы да бар. Форумның 42 қатысушысы сертификат алып, онымен бірге шабыт пен мектеп медиаcының айналаны өзгерте алатынына сенімге ие болды.