07.02.2020

Жаңа пәтер - жаңа қоныс!

2020 жылғы ақпан айының 6-сы күні Екібастұз қаласында жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Павлодар облысының әкімі Скаков Абылкаир Бақтыбайұлы салтанатты түрде қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстады. Елімізде жыл сайын жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету моделі жетілдірілуде және мемлекетіміздің ең маңызды мақсаттарының бірі - осы санаттағы азаматтардың баспаналы болу құқығын жүзеге асыру болып отыр. Жиын соңында балалар үйінің түлегі ПМПУ –нің 4 курс студенті Вирт Татьяна сөз алып, мемлекетіміздің жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жасап отырған қамқорлығына, қолдауына алғысын білдірді, сонымен қатар өзі тәрбиеленген, туған үйі, балалар үйі ұжымына және туған қаласына ризашылығын жеткізді.