01.01.2022

Жаңа жылмен!

Жаңа жылды анаңмен бірге қарсы алудан артық ештеңе жоқ шығар?! 13 жылдан астам уақыттан бері Орталықтың басшысы Абдрахманова Нагима Атаевна жаңа жылдық түнді балалармен бірге қарсы алады. Биылғы жылы да солай болды. Нагима Атаевна балаларға арналған мерекелік ас мәзірін аса мұхият ойластырады, оны талқылауға диетсестрадан басқа ересек тәрбиеленушілер , жайлылық пен реттілік кеңесі мүшелері қатысады. Орталықтың әкімі және көркемдік кеңес мүшелерімен бірлесіп сценарийді талқылайды,атрибуттарды дайындайды. 31 желтоқсан күні сағат в 23.30 –да балалар тәрбиешілердің түнгі көмекшілерімен бірге мерекелік дастархан басына жиналады, президенттің сөзін тыңдайды, құттықтаулар айтады. Сосын мерекелік ойын бағдарламасы басталады.
Кішкентай балалар құттықтаулар мен құшақтасулардан кейін ертерек жатып қалады, ал ересектер аналарымен және тәлімгерлермен бірлесіп жаңа жылдық түнді көңілді өткізеді. Көп жылдан бері Орталықта « Моралдық қамқорлық» жобасы жұмыс істейді. Балаға тәлімгер болу – жауапкершілігі мол жұмыс , ол адам балаға тек дос болып қана қоймай , көп жағдайда рөлдік модель, еліктейтін адамның үлгісі бола білу керек. Әр балаға орталық қызметкерлерінен бір ересек адам бекітілген, тәлімгерлер балаларға қамқоршы болады жаңа жылда сыйлықтар береді. Жаңадан келген балалардың да тәлімгерлері бар. Олар үшін бұл күтпеген және жағымды тосынсый болды! Олар өздеріне аздан бері ғана адамдар мейірімділік көрсетіп, қамқорлық жасағанына тіпті сыйлықтар бергенін түсінбеді. Олардың шынайы алғыс сөздері мен құшақтары риза екендігін сездірді. Біздің үлкен отбасымыздың атынан , педагогтардың және балалар атынан Нағима Атайқызын Жаңа Жылмен құттықтаймыз ! Ең алдымен денсаулық, отбасылық амандық, жаңа қызықты кездесулер тілейміз! Жолбарыс жылы сіз үшін ең бақытты, жылы және жайлы жыл болсын ! Жаңа жылыңызбен!