Павлодарда «Жұлдыз болғым келеді» республикалық ән байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Байқау республика көлемінде ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған балалардың өнерін қолдауға бағытталған алғашқы бастама. Жобаның авторы – Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы балалар үйінің түлегі Алексей Лодочников.
Облыстық іріктеу кезеңіне 7 тәрбиеленуші қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Римма Самойлова, Аида Самойлова және Доминика Савина республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен I, II дәрежелі дипломдар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Бірінші орын иегерлері желтоқсан айында Астана қаласында өтетін атынан республикалық финалдық кезеңде аймақ атынан өнер көрсетеді. Жеңімпаздарға шетелге саяхат, құнды сыйлықтар (MacBook, Iphone, Яндекс станциясы) табысталады.
