21.02.2026

Қысқы денсаулық фестивалі

Қысқы денсаулық фестивалі Қысқы денсаулық фестивалі

Ақпан. Аяз, жел, нағыз қыс.

Бірақ ешқандай суық бірге болуды қалағандарды  тоқтата алмайды.

Бүгін Орталықтың тәрбиеленушілері ЕЭК "Восточный"  разрезінің  қамқоршыларымен  бірге қысқы Денсаулық фестиваліне жайлы автобуспен жолға шықты. Және бұл өте керемет болды!

Аниматорлар, жарқыраған  алаңдар, ерекше жарыстар: үлкен ракеткалары мен доптары бар алып теннис, "скороходтар" — бір-бірін сезініп, бір ритмде  жүруге арналған  үлкен отбасылық шаңғылар. Бұл жерде командалық рух тексеріледі! Бұл жерде нағыз ауыз біршілік көрінді!

Төрт команда, толқу, күлкі, қолдау, балалардың жарқыраған көздері…

Аязға қарамастан-эмоциялардың жылуы аптаға  жетерліктей  болды!

Соңында-марапаттау, грамоталар , барлық қатысушылар үшін нағыз медальдар және жылы финал: ыстық, хош иісті өзбек палауы және хош иісті шай. Мерекенің нағыз дәмі!

Шаршаған, бірақ шексіз бақытты күйде  үйге оралдық. Әсер-бір аптаға  жетерліктей. Ең бастысы-біз бір үлкен команда екенімізді сезіндік.

Бүгінгі ұйымдастырған денсаулық, қуаныш және бірлік күні  үшін "Восточный" разрезі кәсіподақ комитетінің төрағасы , біздің сүйікті Давиденко Василий Петровичке "Восточный разрезі" әкімшілігі, жастар Кеңесіне   ерекше алғыс білдіреміз!

Балаларға назар аударғаныңыз үшін, қолдағаныңыз үшін рақмет айтамыз!

Біздің  барлық тәлімгерлерімізге, қамқоршыларымызға , ұйымдастырушыларымызға, достарымызға — осы күні жүрегімізге  жылу сыйлағандардың  барлығына алғыс айтамыз.

Мұндай кездесулер тек оқиғалар ғана емес, олар сенім, бірлік және нағыз команда жасайды, және біз оны өте жоғары бағалаймыз!