2024 ж.28.09. Балаларды қолдау орталығының педагогтары мен қызметкерлері үшін "Бала қауіпсіздігі – қоғам басымдығы" тақырыбында мәжіліс ұйымдастырылды , онда ата-аналар мен педагогтардың қоғамдастығы үшін өзекті болған мәселелер талқыланды.
Басшы Н. А. Абдрахманова мәжілісті аша отырып, қазіргі қоғамдағы балалар қауіпсіздігі тақырыбының маңыздылығын айта келе , баланың қауіпсіздігі жалпы қоғам үшін де, біздің мекемеде жұмыс істейтін әрбір қызметкер үшін де басты басымдық болып табылатынын атап өтті. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қауіп төндіруі мүмкін әлеуметтік желілердегі балалардың қауіпсіздігі мәселесін қозғап , нақтылы мысалдар келтірді.
Мекемеде және одан тыс жерлерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары, балалардың физикалық және психологиялық қауіпсіздігін тұрақты бақылаудың маңыздылығы туралы басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Абдулина баяндады. Ол білім беру және тәрбие мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі аспектілерін ашып көрсетумен қатар Республикалық "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша "Өнегелі 15 минут" жеке қауіпсіздік сабақтарын енгізу бастамасын көтерді. "Біртүтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткізілетін жеке қауіпсіздік сабақтарының барлық материалдары, сілтемелер, ұсынымдар орталықтың әдістемелік кабинетінде бар. Педагогтар жеке қауіпсіздік сабақтарында балаларды қауіпті жағдайларда өзін-өзі қорғау және мінез-құлық дағдыларына үйретуге, балалардың сыни тұрғыдан ойлауын және олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда "жоқ" деп айту қабілетін қалыптастыруға басты назар аударылуы керек.
Мәжіліс соңында мекеме басшысы барлық қатысушыларға белсенді талқылаулары үшін алғысын білдіріп, балалардың қауіпсіздігі барлық қызметкерлердің, ата-аналардың және жалпы қоғамның үйлесімді жұмысына байланысты екенін атап өтті. Педагогтар мен ата-аналарға балаларды қорғау мәселелері бойынша қосымша тренингтер мен кеңестер өткізу ұсынылды.