2021ж.3.07. - 2021ж. 05.07. аралығында "Екібастұз қаласы,қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ басшысы Н.А. Абдрахманова және БТЖО Г.К.Абдулина Орталық тәрбиеленушілері демалып жатқан М Ғабдуллин атындағы лагерге барып келді. Лагерь Зеренді ауылының курорттық аймағында, Зеренді көлінің жағасында, Көкшетау қаласынан 46 км және Бурабай курортынан 90 км қашықтықта орналасқан.
Лагерь аумағы қоршалған, өте жайлы, айналасында әдемі қарағай орманы, жағажайдың жанында .Балалар мен тәрбиешілер үш корпусқа орналастырылған .Жақсы төсеніштері бар кереуеттер , төсек-орын, әр кереуеттің жанында үстелдер, заттарын сақтайтын шкафтар қойылған. Әр корпуста ауыз су режимін сақтау үшін ауыз суы бар ыдыстар бар. Балалардың айтуынша, олар дәмді тамақтанатын асханада туған күндерін де атап өтеді . Бес уақыт тамақтанады, қаласаң қосымша тамақтануға да болады.
Лагерь аумағында волейбол, пионербол, үстел теннисі,бадминтон, баскетбол ойнауға арналған спорттық ойын алаңы және жайлы асхана орналасқан.
Таза ауадағы іс-шаралар үшін жазғы жабық алаң, дискотекалар өткізуге және фильмдер көруге арналған зал, әртүрлі үйірме және ойын бөлмелері, медициналық блок ,душ бөлмелері бар . Лагерь ережесі балаларға тыныштық сақтау уақытында демалуға, кітап оқуға, құрдастарымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар балаларды күні бойы жағымды эмоциялармен қуаттайды. Жақын жерде қоршалған жағажай бар . Шомылу тек қана ересектердің қадағалауымен, ауа-райы жағдайларына сәйкес қатаң белгіленген уақытта өтеді . Лагерьде жұмыс істеу үшін әр маусымда екі тәрбиеші және Орталықтан медбике тағайындалады . Әр отрядқа балалардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі кеңесшілер , үйлестірушілер бекітілген. Күн сайын спорттық және шығармашылық сипаттағы түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Балалармен әңгімелесу барысында оларға лагердегі демалыс, ересектердің қарым-қатынасы, тамақтану, шомылу,бос уақытты ұйымдастыруы ұнайтыны анықталды. Балалардың дені сау , ешқандай шағымдары жоқ. Лагерь әкімшілігі балалардың тәрбиесін, олардың шығармашылық қабілеттерін, лагерде белгіленген ережелерді сақтайтындықтарын атап өтті.
07.07.2021