25.12.2022

«Транс-бетон 12» ЖШС–мен Жаңа жыл

Жаңа жыл-әр отбасы асыға күтетін ең сүйікті мереке. Бұл мерекеде әр кім ертегіге сеніп ерекше, жұмбақ, таң қалдыратын, ұмытылмас атмосфераға ене алады. Бірақ біздің балалар сияқты жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістерді және шытырман оқиғаларды ешкім шынымен де күтпейтін шығар.

Жыл сайын "Транс-Бетон -12" ЖШС басшысы Омаров Исмаил Асқарұлы біздің тәрбиеленушілерді "Өзбекстан"кафесінде жаңа жылдық отбасылық түскі асқа шақырады. Компания қызметкерлерімен балалар өз туыстарындай кездесіп, жаңалықтарымен бөлісті. Әдемі жайылған дастарқан, жаңа жылдық фото аймақ, мерекелік түрде жиналған шырша-бәрі сиқыр мен мерекелік көңіл-күй атмосферасын сыйлады.

Әрине, Аяз Ата мен Ақшақарсыз жаңа жылдық мереке болмайды ғой, олар біздің балаларымызды жаңа жылдық шамдармен сиқырлы трюктермен қуантты. Ақшақар балаларды көңілді жаңа жылдық әндермен , ойындармен қуантты, балалар Аяз Атаға жаңа жылдық өлеңдерін оқу үшін кезек күтті. "Транс-Бетон -12" ЖШС-нің басшысы Исмаил Асқарұлына және компания қызметкерлеріне біздің отбасымызға адалдығы, назары мен қамқорлығы үшін алғыс айтамыз ! Жаңа жыл құтты болсын ! Бақытты болыңыздар !