29.10.2021

«Жақсылық жасай біл!»

Қамқоршылар  күнін атап өту біздің отбасымыздың дәстүріне айналған. Сол дәстүр бойынша балаларды қолдау орталығында 29 қазан күні «Жақсылық жасай біл» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Әр бір топтың тәрбиеленушілері  негізгі қамқоршы  - ана – Нагима Атаевнаға, орталықтың барлық  педагогтарына  көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы  үшін,   шынайы ризашылық сөздерін арнады. Кеш  отбасылық  жылы  атмосферада өтті.  Ересек тәрбиеленушілер  «Мамин вальс», «Эхо любви»  билерін керемет биледі, кішкентайлар мейірімділік туралы өлеңдер оқыды. Басты кейіпкер  Кузи күшіктің рөлін  Коротков Шакир  сомдаған «Мейірімді қолдар» қойылымы  көрермендердің  жүрегін  елжіретті. Юра Котляров  орындаған     «Семья» деген әдемі тақпақ,Римма мен Аиданың орындауындағы    «Мандариновое солнце», «Солнце»  әндері  ересектердің көңілінен шықты.Іс –шараның соңында  жалпы  фотосессия өтті. Балаларды тәрбиелеу бойынша үлкен жауапкершілікті өз мойнына алған барлық қамқоршыларға алғыс білдіреміз!  Оларға отбасында амандық пен бақыт, өзара түсіністік пен қуаныш тілейміз, барлық балалар бақытты болсын!