09.02.2023

«Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық фестиваль қорытындысы туралы

2023ж.09.02.күні Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінен құралған шығармашыл ұжым «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты республикалық фестивальге қатысып келді. Бұл фестиваль Ризашылық күніне арналған жалпыұлттық мәдени - ағарту «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жобасының шеңберінде жыл сайын интернаттық мекемелер мен балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасында өткізіледі.

I кезең дәстүр бойынша Павлодар қаласындағы Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайы базасында ұйымдастырылды. Фестиваль үш бағыт бойынша өтті: «Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі», халық биі конкурсы, вокалистер сайысы «Жүрек жылуы», музыкалық –театрланған қойылым сайысы «Ризамын халқыма!». Балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілері барлық номинация бойынша да қатысуға шешім қабылдады. Конкурс қорытындысы бойынша балаларды қолдау Орталығы ұжымы Гран При иегері! Фестивальге қатысушылардың барлығына құнды сыйлықтар табыс етілді. II кезең - Республикалық конкурс ! Біздің жетістік:

«Вокал» бағыты бойынша (орта топ ):
1 орын – Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы - вокалист Довбыш Артем.
2 орын – Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы - вокалист Самойлова Римма

«Хореография» бағыты бойынша:
1 орын – Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы

«Мюзикл» бағытында: 1 орын – Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы номинанттар – Театр клубы «Маска»