03.12.2019

Қонақ келсе – құт келеді

2019ж.03.12 күні балалалды қолдау орталығында есте қаларлықтай оқиға болды. Біз Тәжікстаннан келген құрметті қонақтарды қабылдадық. Қонақтардың құрамында ЮНИСЕФ (біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры) мүшелері, Согдий облысының балалар құқығын қорғау бөлімінің қызметкерлері және аудан әкімдері бодды.
Олардың негізгі мақсатттары – «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі Екібастұз қаласының іс - тәжірибесімен танысу.Қонақтарды қабылдаушылар қатарында «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ –сі де болды. Балалардың өзін –өзі басқару кеңесі қонақтарға арналған таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды. Үгіт бригадасына қатысушылар өздерінің шағын қойылымдары арқылы біздің қаламыздың ерекшеліктерін атап өтіп, Екібастұз «Балаға мейірімді қала» атағына сай екендігі туралы айтып берді.Қонақтарға балалардың өз қолдарымен жасаған шағын кәдесыйлар тарту етілді. Согдий облысының балаларды қорғау бөлімінің төрағасы Мухаббат Хомидова кездесу үшін алғыс білдіріп, балалардың кеңпейілділігі мен ашық –жарқын екендігін атап өтті. Өз кезегінде ол балаларды Тәжікстанға қонаққа шақырды.