01.03.2022

Қонақжайлық күні

2022ж.01.03. күні  Орталықтың  жоспары  бойынша  "Ұлт ұлысына ортақ үй - Қазақстан" қонақжайлық күні ретінде белгіленді. Балаларға  кәсіподақ көшбасшысы, Екібастұз қаласының білім беру қызметкерлері  кәсіп одақ бірлестігінің  төрайымы  Рахимжанова  Алима Сағидоллақызы келді. Алғыс айту, ризашылық! Бұл сөздер еркін әңгімелесу форматында өткен кездесудің ұранына айналды. Балалар  өздерінің қызығушылығы, қалай оқитыны, қалай өмір сүретіні туралы айтып берді. Педагогтарға қамқорлығы үшін ,көңіл бөліп, қолдау көрсететіні үшін  алғыстарын білдірді . Алима Сағидоллақызы өз құттықтауында балаларды қайырымды,  жомарт адам болуға, бейбітшілік пен достықтың жарқын құндылықтарына  ұмтылуға шақырды және балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті.Бұл күні бізге қаламыздағы  №2 мектеп гимназиясының жетінші сынып оқушылары да қонаққа келді , олар балаларға ойыншықтар, үстел ойындарын ұсынды . "Алғыс айту шеңбері" бірлескен психологиялық жаттығуы балаларды біріктіріп қана қоймай, ризашылықтың маңыздылығын және оны дамыту қажеттілігін тағы бір рет көрсетті.