«Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» -дағы «Грация» хореография ұжымын және жетекшісі Симонова Елена Николаевнаны «Қазақстан –менің алтын бесігім» Республикалық шығармашылық фестивалінің екінші кезеңі бойынша үшінші орын иеленгені үшін құттықтаймыз! Конкурс та "Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі!" номинациясы бойынша бұл ұжым екі би ұсынды – қазақ халқының биі «Көңілді күн» және «Музыка ветра» атты япон халқының биі. Ұжым диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды, жетекшісі Симонова Елена Николаевнаға Алғыс хат табысталды.
Барлық балаларға смарт- сағаттар сыйлады және қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Сонымен қатар «Томирис және алтын жалды аты Тарлан» қойылымындағы актерлік шеберлеігі үшін Самойлова Римма диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл қойылым да республикалық фестивалдің екінші кезеңіне ұсынылған болатын.Жетекшісі Любовь Александровна Ермакова алғыс хатпен марапатталды.