2021ж.07.04. күні Екібастұз қалаындағы «Қайнар» ББК –інде «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қала әкімінің орынбасары М.Д.Маликованың қатысуымен өтті. «Елбасы медалі» бағдарламасының қола деңгейін табысты бітіргендер арасында біздің тәрбиеленуші Поляков Рафхат та бар.
Мәриям Дәулетбекқызы жеңімпаздарға үндеуінде: "Балалар! Сендер керемет уақытта өмір сүріп жатырсыңдар. Мемлекет сендердің қабілеттеріңді іске асыру үшін өзін-өзі дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Біз мектепте оқыған жылдары мұндай ауқымды жобалар болған жоқ.... " деді. Естеріңізге сала кетейік, "Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады. Біз Рафкатты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оған мұнымен тоқтап қалмауын тілейміз! Ол медальді өзінің табандылығының, ерік-жігерінің, ең бастысы, үлгілі болуға, отбасын ұятқа қалдырмауға , тәуелсіз тұлға болып өсуге және оған кішкентайларды үйретуге деген үлкен ықыластың арқасында алды.