"Білгім келеді" үйірмесі

"Өмірлік қиын жағдайдағы  балаларды қолдау орталығы" КММ  негізгі миссиясы   тәрбиеленушілерді  қазіргі заманға сай өздігімен  өмір сүруге   дайындау болып табылады. Біз  тәрбиеленушілерді  тәуелсіз өмірге қаншалықты дайындағанымызға байланысты  олардың болашақ өмір жолы сәтті де табысты болады. Сондықтан біздің орталықтың жағдайында тәрбиеленушілерді түрлі және пайдалы тағамдарды, сусындарды дайындауға үйрету, жұмыс орнын, ыдысты, үй-жайды дұрыс ұстау бойынша дағдыларды қалыптастыру  жұмыстарын  жүргізу өзекті болып табылады.

Тәрбиеленушіні  өздігімен  өмір сүруге  дайындау - "Білгім келеді"үйірмесінің негізгі міндеттерінің бірі. Үйірме жұмысының мақсаты тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуіне  және олардың қоғамда қалыпты өмір сүруі  үшін қажетті білімділік , біліктілік  дағдыларын қалыптастыру,  тағамдарды және аспаздық өнімдерді өз бетінше дайындауды үйрету  болып табылады. Көбінесе жетім балалар өз бетінше  өмір сүруге бейімделмейді, үй шаруашылығын жүргізу дағдылары жоқ, тамақ дайындау туралы білімі жоқ болып келеді. Бұл мәселені шешу үшін орталықта "Білгім келеді"әлеуметтік - тұрмыстық бейімдеу кабинеті құрылды.  Нәтижесінде тәрбиеленушілер  дербес және тұрмыстық ж ағдайға неғұрлым  бейімдірек болады.

"Білгім келеді" орталығы  тәрбиеленіп жатқан балалардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Бұл  орталық тоңазытқышпен, электр плитасымен және сорғышпен жабдықталған. Ас үйдің әдемі жиынтығы , жиһаз, ыдыс-аяқ, барлық тұрмыстық техника мен ас құралдары бар, яғни  ас әзірлеп үйренуге қажетті құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Үйірмедегі сабақтар балалардың  шығармашылық қабілеттерін, дербестігін дамытуға, даралықты, қиялын   жеткізуге  және өз еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Тәрбиеленушілер қол жетімді өнімдерден тамақ дайындау, дастархан жаю, эстетикалық тағамдарды безендіру және т. б. жұмыстарды атқаруды  қуана-қуана  үйренеді. Үйірме орта және жоғары сынып  жасындағы балаларға  арналған. 

Кішкентай балалар сабаққа көрермен, кейде қатысушылар ретінде шақырылады. Сабақтар практикалық және аралас-практикалық сабақтар түрінде өткізіледі. Үйірме жетекшісі К.Б. Рамазановамен бірге балалар түрлі тағамдар дайындады: бесбармақ, лагман,  картоп паштеті, манты, тұшпара, пицца, хинкали, голубцы, палау, торттар, бәліштер, құймақтар, бауырсақ т.с.с.  Болашақта біз әртүрлі салаттар, сорпалар мен түрлі кондитер өнімдерін дайындауды үйренеміз. Біздің үйірме балалардың  қуана күтетін ең сүйікті үйірмесінің бірі.