«Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-сі 2019 жылдан бастап өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасылармен жұмысты келесі бағыттарда ұйымдастыруда. Ол - психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық, құқықтық, медициналық, қызметтерді балаларға және олардың ата-аналарына көрсету.
Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына тиісті мемлекеттік орган қызметкерлерінің кәмелет жасына толмаған жасөспірімді орналастырған сәттен бастап, мекеменің мамандары мән жайды анықтай бастайды. Мекеменің әлеуметтік педагогтері мен психологтары бірлесіп, баламен сұхбат жүргізіп, олардың ата-аналарымен, жақын туыстарымен және заңды өкілдерімен сөйлесу барысында, осындай қиын жағдайға қалай жеткенін анықтай келе, кеңес береді.
Ата-аналарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Егерде ата-аналар жұмыссыз болса, Екібастұз қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы бос жұмыс орындарды анықтап, жұмыс тізімі ұсынылады. Жеке басын куәландыратын құжаттар мен тұрғын үйдің құжаттарын, белгісіз себептермен жоғалтып алса, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Мекеме педагогтері және психологтары бірлесе отырып, ата - аналарды Орталықта өтетін мерекелік іс-шараларға шақырып, оған қоса «Ана мен бала», «Отбасы құндылығы», «Бала өмірдің жалғасы» т.б.
тақырыптарға әңгімелесу, дөңгелек үстел ұйымдастырып, қонақтардың жүрегіне, балаға деген үміт пен мейірімнің ұялауына үлесін қосуда. Мүмкіндінше, ата-аналарды өмірлік қиын жағдайдан шығарып, ниетіміз балаларын туған отбасына алып, бақытты отбасы болып өмір сүрсе екен дейміз. Өйткені, ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы! Ал отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.