Республикалық семинар

2021ж.11.08. күні білім беру мекемелерінің педагог – психологтарына арналған Республикалық семинар – тренинг болып өтті.  Семинардың тақырыбы: « Өмірлік қиын  жағдайға тап болған балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету  кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер мен шешу жолдары".

Шақырылған қонақтар-БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының , "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың", ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының, "Қазақ психологиялық қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің,  Ы. Алтынсарин атындағы  ҮЕҰ  ұлттық білім академиясының өкілдері. Семинар – тренингке ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Б.А. Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Р. П. Шер, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандары, педагог-психологтар, білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары қатысты.

Семинардың модераторы ретінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Е.Н.Имангалиев сөз алды.  Талқылау үшін республиканың психологиялық қызметтері қызметінің өзекті мәселелері, психикалық денсаулықты нығайту бойынша алдын алу шаралары, қазіргі білім алушының оқу уәждемесін дамытудың психологиялық ерекшеліктері және т.б. ұсынылды. семинардың практикалық бөлімінде Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері оқу процесін психологиялық – педагогикалық қолдау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың практикалық бөлімінде Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері оқу үдерісін психологиялық – педагогикалық қолдау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. "Жанұя" отбасын қолдау орталығы " ҚҚ директоры А.К. Есімбекова кәмелетке толмағандарды психологиялық қолдау және мониторинг жүйесіндегі кешенді тәсілдеме туралы айтып берді. Семинар-тренинг соңында ұсыныстарды қарастыру  содан кейін оларды қабылдау ұсынылды. Орталық педагогтары талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп , өмірлік қиын жағдайда жүрген балалармен жұмыс істейтін барлық психологтар мен педагогтарға танысу үшін материал ұсынды.